Агатаева Айжан Алиевна » «Нұрлы-Болашақ» бөбекжай-балабақшасы»
«Нұрлы-Болашақ» бөбекжай-балабақшасы»
«Шың» білім беру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:140141025891
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 806-05-85
"Әдіскер:
+7(701) 806-05-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
шілде
2026

Агатаева Айжан Алиевна

Агатаева Айжан Алиевна 1986 жылғы 31 қаңтарда дүниеге келген.

2004 жылы Қ.А. Яссауи атындағы университетінің  – «Екі шетел тіл» мамандығына оқуға түсіп, 2008 жылы аталған оқу орнын сәтті аяқтап, жоғары білім алған.

Еңбек өтілі –3 жыл. Еңбек жолында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жауапкершілікпен қызмет атқарып, кәсіби тәжірибе жинақтады.

Қазіргі таңда Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Нұрлы-Болашақ» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі қызметін атқарады. Басшылық қызметінде ұжымның бірлігін нығайтып, тәрбиеленушілерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруге, педагогтердің кәсіби дамуына және балабақшаның материалдық-техникалық базасын жетілдіруге ерекше көңіл бөліп келеді.

Өзінің ұйымдастырушылық қабілеті, іскерлігі және жаңашыл көзқарасының арқасында білім беру ұйымының жұмысы жүйелі дамып, тәрбие мен оқыту сапасының артуына елеулі үлес қосып келеді. Әріптестері мен ата-аналар арасында сыйлы, кәсіби біліктілігі жоғары басшы ретінде танылған.

Жетістіктері:

Мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін бірнеше Алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Балабақшада заманауи оқыту мен тәрбиелеу технологияларын енгізуге белсенді атсалысады.

Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастырып келеді.

Балалардың жан-жақты дамуына қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға үлес қосып, ұжымның шығармашылық әлеуетін дамытуға жетекшілік етеді.

Отбасылы, бала тәрбиелеп отырған ардақты ана. Еңбекқорлығы, жауапкершілігі және кәсібіне деген адалдығы арқылы әріптестерінің құрметіне бөленіп келеді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив